Референдум: халықтың 77,18 % конституцияға өзгеріс енгізуді қолдады
Конституциядағы өзгерістерді дауыс беруге қатысқан азаматтардың 77,18 % яғни 6 млн-нан астам тұрғын қолдады.
Астана, NEGE. Ал халықтың 18,6% түзетулерге қарсы. Саяси науқанға 7 млн 986 мыңнан астам адам қатысқан. Бұл дауыс беруге құқылы жұртшылықтың 68,6 %-і. Орталық референдум комиссиясының төрағасы осылай деді.
Нұрлан Әбдіров референдум өткенін мәлімдеді. Өйткені облыстардың, елорда мен республикалық маңызды қала тұрғындарының кемінде 3/2-сі Конституцияға түзетулерді жақтаған. Заң талабы сақталды. Бүгін сағат 8-де барлық 1012 референдум учаскелерінде дауыс санау аяқталды.