Редакция алқасы Қазақстан тарихы туралы академиялық басылымның екінші томын қарады

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалық етуімен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті.

Nege.kz

Алматы, NEGE. Жиында редакция алқасы жалпы дауыс беру арқылы басылымның бірінші томының қолжазбасын бекіту туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар редакция алқасы жеті томдық еңбектің екінші томының мазмұнын талқылады.

Авторлар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Болат Көмеков басылымның тұжырымдамасы, мазмұны және құрылымы туралы баяндап, «Түрік дәуірі» деп аталатын екінші томның ерекшеліктері мен жаңалықтарын атап өтті. Тарих ғылымдарының докторлары, Ұлттық ғылым академиясының академиктері Мәмбет Қойгелдиев, Оразақ Смағұлов, тарих ғылымдарының докторлары Еркін Әбіл, Айболат Көшкімбаев пікірлерін айтты. Сондай-ақ редакция алқасының өзге мүшелері де өз ойларын ортаға салды.

Жиын соңында редакциялық алқа екінші томды жетілдіру жұмысын жалғастыру туралы және келесі отырыста «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық басылымның үшінші томын қарастыру жөнінде шешім қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды

Алматы полициясы қоғамдық орында бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасады

Алматылықтар Розыбакиев көшесін Шахановтың атына өзгертуді сұрап петиция жариялады

Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін