«Реал Мадрид» ойыншылары Алматыға ұшып келді

Еуропаның ең атақты футбол клубының ойыншыларын Алматы әуежайында мыңдаған жанкүйер күтіп алды. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Бүгін Еуропаның басты клубтық турнирі аясында Испанияның «Реал Мадрид» клубының ойыншылары Алматыға келді. Қонақтарға қазақы қонақжайлық пен ыстық лебіз ықыласы көрсетілді. Футболшыларды УЕФА Чемпиондар лигасының әнұранын қазақтың дәстүрлі аспаптарында орындауы ерекше әсер етті.

Flight Radar дерегінше, олардың ұшағын 22 мыңнан астам адам онлайн бақылаған. 

«Реал Мадрид» ойыншыларын бірден қонақүйге алып кетті. 

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр