«Реал» «Барселонаны» жеңді

Испанияның басты дербиі саналатын «Эль Класикода»  «Реал Мадрид» өз алаңында «Барселонаны» 2:1 есебімен жеңді.

Getty images

Алматы, NEGE. Ойынның алғашқы бөлігінде Килиан Мбаппе қарсылас қақпасына алғашқы голды соғып, есеп ашты. Каталондықтар көп ұзамай Фермин Лопес соққан доптың арқасында есепті теңестірді – 1:1. Алайда бірінші таймның соңына қарай Джуд Беллингем айып алаңындағы соққысымен мадридтік команданы алға шығарды.

Матчтың екінші жартысында қос команда да бірнеше мүмкіндік жасады, бірақ есеп өзгеріссіз қалды. Осылайша, «Реал» «Барселонаны» 2:1 есебімен ұтып, Ла Лигадағы көшбасшылық орнын бекіте түсті.

Қазір оқып жатыр

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?