3 февраля 2026 г. 13:00

Райымбек Баталов Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Фото: «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Райымбек Баталов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады.

Астана, NEGE. Райымбек Баталов 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Ол Қазақ сәулет-құрылыс академиясын «құрылысшы-инженер» мамандығы бойынша бітірген. 90-жылдары «Риддер Инвест» металлургиялық кешенінің басқарушылар кеңесінің мүшесі болды. Сондай-ақ, ол «Новожамбыл фосфор зауыты» химиялық кешенін, «Тобол элеваторын», «Меркі қант зауытын» және Шымкент ЖЭЦ-3 басқарған.

1992 жылы «Раимбек» сауда фирмасын құрды, ол кейін Raimbek Group холдингіне айналды.

Әр жылдары Мәжіліс жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі, Қазақстанның су астында жүзу спорты федерациясының президенті болды.

2022 жылғы ақпаннан 2026 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы төрағасының міндетін атқарушы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы қызметтерін атқарды.