Райымбек Баталов Бишімбаевтың сотында айтылған жағдайға қатысты пікір білдірді (видео)

Кеше өткен сот отырысында Бишімбаевтың Нүкенованы балағаттап, оны Райымбек Баталовпен бұрын қарым-қатынаста болғаны туралы айтылған видео көрсетілген болатын. 

видеодан

Астана, NEGE. Аталмыш жағдайға қатысты белгілі кәсіпкер Райымбек Баталов пікір білдіріп, видео жариялады. 

Райымбек Баталов Салтанат Нүкеновамен байланысын жоққа шығарды.

«Достар, мен соңына дейін Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдіргім келмеп еді. Бірақ менің атыма кір келтіріп отырған лас ақпарат мені мәлімдеме жасауға мәжбүрледі. Айтқым келгені, сотталушы Бишімбаевтың менің тарапыма айтылған сұмдық айыптауы – ашық сандырақ, таза өтірік. Бұл өтірікке сенбеуге және БАҚ өкілдерін анықталмаған ақпаратты таратпауға шақырамын», - деді Баталов видео үндеуінде. 

Баталов Нүкеновтердің отбасына көңіл айтты.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр