Раушан иісі аңқып тұр – Бишімбаев Нүкенова өлім аузында жатқан кезде басқа әйелдермен сөйлескен

Сот отырысында Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқан кезде Қуандық Бишімбаевтың басқа әйелдермен хат алмасып отырғаны белгілі болды.

Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Сот отырысында сотталушы Қуандық Бишімбаевтың телефоны, WhatsApp-тағы хабарламалары зерттелді.

WhatsApp желісіндегі хабарламаға сәйкес, 9 қарашада Бишімбаевпен мейрамханада кездесіп, мекемені жарнамалауға келіскен блогер Гүлнар Насырбекова айыпталушыға хабарлама жазған. 

Гүлнар Насырбекованың Қуандық Бишімбаевқа жіберген хабарлама мәтінінде: «Айтпақшы, сенен раушан иісі аңқып тұр», – деп жазылған. Мәтінмен қоса фотосурет те жіберілген. 

Сонымен қатар, Бишімбаев дәл сол уақыт шамасында «Юлия Супер» есімді әйелмен де хат алмасқан.

 

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды