Рашид Аюпов жаңа қызметке тағайындалды
Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі тағайындалды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен бұл қызметті Рашид Аюпов атқаратын болды.
Алматы, NEGE. Облыс басшысы жаңа әкімді таныстыру кезінде оның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды басты назарға алуды міндеттеді. 100 мыңнан астам тұрғыны бар Кентау қаласының жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.