Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырғаны қауесет пе?

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров коронавирус жұқтырғаны туралы қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. "Мен ауырып қалған күннің өзінде, дүние жүзінде миллиондаған адам коронавирус жұқтырған, мыңдаған адам қайтыс болды, мен сонда, адам емеспін бе? Дәрі тамызғыш салдырып, иммунитетім мен гемоглабинімді көтере алмаймын ба? Мен сап-саумын", - деді Қадыров көмекшісі Ахмед Дудаевтың Instagram желісіндегі парақшасындағы тікелей эфирде. 

Рамзан Қадыровтың көмекшісі президент коронавирус жұқтырды деген мәліметке қатысты пікір білдірді 

Еске салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде Шешенстан басшысы коронавирус жұқтырып, ауыр жағдайда жатқаны туралы ақпарат тараған. Baza telegram-каналы дереккөзінің мәліметінше, дәрігерлер Қадыров 2-3 апта бұрын, Урус-Мартановск ауданының ауруханаға жатқан басшысы Валид Абдурешидовтің жағдайын білуге барғанда жұқтырып алған. 

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды