Рамзан Қадыров 20 жастағы ұлын вице-премьер етіп тағайындады

Бұл ақпаратты Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың өзі жариялады.

instagram.com/k95

Астана, NEGE. Рамзан Қадыров 2026 жылды Шешен Республикасы Үкіметі құрылымындағы шағын кадрлық өзгерістермен бастағанын жазды.

«Атап айтқанда, қадірлі бауырым, Шешен Республикасы Үкіметінің төрағасы Магомед Даудовтың ұсынысы бойынша Ахмат Қадыров Шешен Республикасы Үкіметі Төрағасы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы – Шешен Республикасының дене шынықтыру және спорт министрі қызметіне тағайындалды», – деп мәлімдеді ол Telegram-дағы арнасында.

Сондай-ақ, Қадыровтың жазуынша, ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі Ахмед Дудаев та Шешен Республикасы Үкіметі төрағасы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалған.

«Ахмат Қадыров пен Ахмед Дудаевтың басқарушылық тәжірибесі мол, өздеріне табысталған салалардың ерекшелігін терең түсінеді және жауапты басшылар ретінде өздерін дәлелдеді. Қызмет барысында олар республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты», – дейді Шешенстан басшысы.

Ол ұлы Ахмат Қадыров пен Ахмед Дудаевтың жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқаратынына сенім білдірген.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?