«Рамстор» жабылып жатыр

«Рамстор» супермаркеттер желісінің құрылтайшысы Қазақстандағы дүкендерді жабу туралы шешім шығарды.

Алматы, NEGE. Тек Алматыдағы Ramstore All In жабылмайды. Migros Ticaret A.Ş. компаниясының жоспары туралы Ыстамбұл қор биржасында айтылды.

Жарияланған ақпаратқа сүйенсек, 2020 жылғы І жартыжылдық қорытындысы бойынша компанияның жиынтық сатылымының шамамен 0,8 пайызын "Рамстор Қазақстан" әкеледі екен.

«Компанияның өсім және нарықтағы жағдайға шоғырлану стратегиясына байланысты "Рамстор Қазақстан" бөлшек операцияларын қайта бағаладық. Қазақстанда жұмыс істейтін бір дүкенді беру және алты дүкенді жалға беру, сондай-ақ бұл дүкендердегі жабдықтар мен тауар қорын сату туралы келіссөздар басталды. Аталған дүкендерді беруді елдің монополияға қарсы органы растау керек», – деді құрылтайшы.

"Хабар 24" мәліметінше, сатып алушылар дүкенде жиналған бонусын жыл соңына дейін пайдалану керек. Сонымен қатар, дүкеннің үш түрлі картасы бойынша жеңілдіктер тоқтатылған.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»