Рамазан Стамғазиев сырқаттанып қалған Нұрғали Нүсіпжановтың күйінішін жеткізді

Халық әртісінің жағдайын білген Стамғазиев оның өзегін өртеген күйінішін көпшілікке желі арқылы жеткізді. Осы ретте Алматының мәдениет басқармасы мен әкіміне шүйліккен.

Алматы, NEGE. Фейсбукте жарияланған жазбасына назар аударсақ, Рамазан Стамғазиев өнердегі ағасы «ауырып қалды» дегенді естіп, оған қоңырау шалған. «Шүкір, қазіргі жағдайы жаман емес» – деген өнер иесі Нүсіпжановтың сөзінен 85 жасқа келгенде жоғары мінбедегі ақ жағалылардың көңіл бөлмегеніне қайран қалып отырғанын аңғарғанын айтты.

«Қазақ өнерінің қара нары, бүкіл өмірін өнерге арнаған ақсақал абызы, күнде 85-ке келіп жатқан жоқ. Алматының мәдениет басқармасы, әкімі қайда қарап отыр. Мәдениет министрі, көмекшілері қайда?! Оларға айтатын адам жоқ па?! Ұят болды, айтатын сөзім жоқ. Нұрғали ағамызға Жаратқан ием күш-қуат берсін. Жасай беріңіз, Нұр аға. 90-100-ге келген тойыңызды көруге жазсын!» – деп жазды Стамғазиев.

Қазір оқып жатыр

Сәби саудасы: Қызылордада қоғамдық қордың жетекшісі ұсталды

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады