Рамазан айында жиі қойылған есімдер

Шымкенттіктердің сәуір айында ең жиі қойған есімдері белгілі болды. Үшінші мегаполис тұрғындары сәбилеріне Рамазан мен Раяна есімін беруді жөн санаған.

Алматы, NEGE. Нақтылап айтар болсақ, ораза айында өмірге келген 154 ұл балаға Рамазан, 66 қызға Раяна есімі беріліпті. Одан өзге Айсұлтан, Ислам, Айша деген есімдер де көп кездеседі.

«Рамазанды бірінші орынға қояды, әрине. Одан кейінгі есім Ислам. Раяна көп бізде, София көп тіркелген есімдер. Рамазан айынан да бөлек басқа айлардың өзінде бізде Раянаны өте көп қояды қыз балдарына. Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күнге 306 неке бұзылған. Неке бұзу едәуір азайған. Туу, әрине көбейген. Бұл жақсы жаңалық», – деді Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ақбота Қарнақбаева.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шыментте 13 500 бала дүние есігін ашқан. Оның ішінде 2758-і Рамазан айында, яғни 13-ші сәуір мен 12-ші мамыр аралығында өмірге келген. Сондай-ақ биыл шымкенттік 88 ана егіз, 3 ана үшем босанған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты