Рамазан айында арнайы сайт іске қосылды

Рамазан айында іске қосылған сайт арқылы әр өңір тұрғыны күннің атуы мен батуы туралы біле алады.

Алматы, NEGE. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов арнайы порталдың іске қосылғанын хабарлады. Ораза ұстағандар бұл жерден мемлекеттік уақыт пен жиілік эталонымен синхрондалған нақты уақытты біліп отырады.

«Барша мұсылмандарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Мереке қарсаңында Қазстандарт арнайы ресурсты мемлекеттік уақыт пен жиілік эталонымен синхрондалған сағатты іске қосты – ramazan.ksm.kz. Қазақстаннның барлық өңірлерінің тұрғындары бұл ресурс арқылы күннің шығуы мен батуының нақты уақытын біле алады. Өйткені, ораза ұстайтындар үшін әр минут маңызды», – деп жазды министр.

Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – қасиетті Қадір түні.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?