Рамазан айы басталды

Бүгін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталды.

Алматы, NEGE. Жамағат бес парыздың бірі – ораза ұстайды. Биыл қасиетті ай мамырдың 12-не дейін жалғасады. Елдегі карантиндік шараларға байланысты бірқатар шектеулер бар. Қазақстан діни басқармасының хабарлауынша, «жасыл» аймақта жұма, тарауих намазы оқылады. «Қызыл» аймақта тыйым салынған. Мешітте ауызашар беруге шектеу енгізілді. Жасыл өңірлерде 50 адамнан аспауы тиіс. Діни басқарма ауызашарға қатысты шектеулерді ескеріп, арнайы қоржындар дайындайды. Сосын азық-түлік себеттерін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратуды жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?