RaiM Ерке Есмахан екеуінің ара қатынасына қатысты мәлімдеме жасады

Ерке Есмаханмен некесін қидырған жас әнші Раим Бақтыгереев әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарға үндеу жасады.

Алматы, NEGE. Ол барлығынан хейтті тоқтатуды өтінді.

"Қазақ елі! Біріншіден, былтырғы қаңтарға қарағанда биыл қуанышты ғой. Екіншіден, әр адамның өткен-кеткені бар. Өздеріңіз мінсіз болып, неге сонша соңымызға түсіп алдыңыздар? Әрқайсыңызды іздесе, кем тұсыңыз табылар. Пендешілікке салынбаңыздар. Үшіншіден, адамның айтқаны емес, Алланың дегені болады. Біз некесі қиылған жанұямыз. Намыс, тәрбие, қасиеті жоқ, есі кеткен адам ғана отбасының ортасына түседі. Сондай адамның қатарынан болып, Алланың қаһарына қалмаңыздар. Естігілеріңіз келсе, айтайын. Біз шаршадық. Өнерден, өмірден айырылсақ та, махаббатымыздан айырыла алмайтынымызды нық білеміз. Өтініш, тоқтатыңыздар", - деп жазды RaiM. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?