Райымқұл Аттакуров: Көп қырғызда Ресей құрамына кіру туралы ой бар
Қырғыз Республикасында Ресей құрамына кіру туралы мәселе талқыланып жатыр.
Айқын басылымының мәліметінше, бұл туралы Мәскеудегі қырғыз диаспорасының төрағасы, Қырғыз Республикасының Ресейдегі экс-елшісі Райымқұл Аттакуров мәлімдеген.
Алматы. NEGE. «Тарихи тағдыр бізге бірге болуды алдын ала белгіледі. Ғасырлар бойы біз біргеміз. Біздің ортақ тарихымыз бар және ұзақ уақыт бойы болашағымыз бар деп үміттенеміз. Қазір көптеген қырғызда Ресей құрамына кіру туралы ой бар», – деді Аттакуров.
Ол диаспоралық қоғам арасында осындай мәселе туындайтынын және талқыланатынын тілге тиек етті. « Әрине, мұны бірден әрі тез істеуге болмайды. Бірақ менің ойымша, бұған бару керек, өйткені өмірдің өзі бізді бірлікке итермелейді», – деді экс-елші.