Райымбек даңғылы жабылады

Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Райымбек даңғылы бойындағы (Рысқұлов даңғылының бойы – Емцов көшесінен Тілендиев көшесіне дейін) жол жұмыстарына байланысты 4 маусым түнгі сағат 23:00-ден 5 маусым сағат 06:00-ге дейінгі аралықта жол ішінара жабық болады»,- деп мәлім етті Алматы қалалық Мобильділік басқармасы.

Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда алғаш рет 15 жастағы жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты

БҚО-да мектеп автобусымен болған жол апаты: 24 бала ауруханаға жеткізілген

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді