Рахметжан Хамаев Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды
Қазақстандық спортшы Рахметжан Хамаев пара пауэрлифтингтен қола медаль жеңіп алды.
Алматы, NEGE. 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол 203 кг зілтемірді көтерді.
Бірінші орын Иордания спортшысына бұйырды, ол 242 кг көтерді, ал екінші орынды 225 кг нәтижемен қытайлық иеленді.