Рахат Тұрлыханов қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Іс материалдарына сәйкес, Тұрлыханов жұбайымен жанжал шығарып, жанжал кезінде оны қорлап, қорқытып, айғайлап, үйдегі тыныштықты бұзған.

instagram.com/rakhat_turlykhanov

Астана, NEGE. Оған қатысты ӘҚБтК-нің отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер бабы бойынша қозғалған іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында қаралды.

Сотта жәбірленушінің құқық қорғау органдарына жүгінген кезде дене жарақатын келтіру туралы арызы болғаны судья назарын аударған.

Сондықтан сот қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін істі прокурорға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолдады.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та депутат Дәулет Тұрлыхановтың туысы, әнші Рахат Тұрлыханов жұбайына күш қолданды деген ақпарат тараған еді. 

Бұл ақпаратқа Алматы полициясы пікір білдіріп,  шақыру түскенін растады. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары Рахат Тұрлыхановты жұбайымен бірге аудандық полиция басқармасына жеткізген.

Тексеру барысында жұбайы бастапқыда өзіне күш қолданылғанын хабарлаған. Алайда кейіннен соққыға жығылғанын жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз жазған. Тексеру нәтижесінде Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазір оқып жатыр

Қытай, Түркия, Ресей: Қай елдің азаматтары Қазақстан заңнамасын жиі бұзады?

Қиын жылдар артта қалды. «ҚазТрансОйл» НЕГЕ мәз?

Қазақстанда қандай жобаларда қаржы пирамидасының белгілері бар?

Астанада балабақша құрылысы негізсіз созбалаңға салынған