Рахат Тұрлыханов 10 тәулікке қамалды

Рахат Тұрлыханов әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамалды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Сот алқасының қаулысымен Рахат Тұрлыхановқа қатысты жаза – ескертуден, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға өзгертілді», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Тұрлыхановтың 2023 жылдың желтоқсан айында үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққаны белгілі болған еді. 

Алматыда бұл дерек бойынша сот отырысы өтті, алайда тараптар татуласып, іс тоқтатылған. Тұрлыхановқа ескерту түріндегі жаза белгіленген болатын. 

Көп ұзамай Тұрлыхановтың ісі бойынша сот кабинетінде 10 қаңтарда апелляциялық шағым пайда болды. 

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен