Радардан жоғалып кеткен жолаушылар ұшағы табылды

Томск облысында радардан жоғалып кеткен АН-28 жолаушылар ұшағы табылды.

Алматы, NEGE. Томск облысында АН-28 ұшағымен болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Томск маңындағы АН-28 апаты қозғалтқыштың істен шығуынан болуы мүмкін. «Ұшақ табылды. Сондай-ақ экипаж бен жолаушылар зардап шекпегенін айтты», - деп жазды агенттік.

Бұл ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі де растады. Бортта 19 адам, оның ішінде екі бала және төрт экипаж мүшесі болған.