Qnet компаниясына шағым көбейді

Қазақстанда Qnet желілік компаниясына қатысты 29 қылмыстық іс қаралып жатыр.

Алматы, NEGE. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің айтуынша, Qnet компаниясының бас кеңсесі Малайзияда орналасқан.

«Компания желілік маркетинг жүргізеді, онда адамдар түрлі зергерлік бұйымдарды сатумен айналысады. Бастапқы салым сомасы – 30 доллар. Қазіргі уақытта азаматтардан 211 шағым тіркелген. Жалпы еліміз бойынша 29 қылмыстық іс тергеліп жатыр», – деді С. Әділов ҚР ІІМ ұйымдастырған онлайн брифингте.

Спикердің айтуынша, Алматы облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы Qnet компаниясының өкілдеріне қатысты 20 қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Мұнда 220 адамның задрап шеккені анықталды. Олар 160 млн теңге материалдық шығынға ұшыраған. Тергеу шаралары белсенді жүріп жатыр. Малайзия Корольдігіне халықаралық тергеу тапсырмасы жіберілді. Аталған қылмыстық іс нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз», – деді департамент басшысы.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ішкі істер органдары қаржы пирамидаларын ұйымдастыру мен құру бойынша 217 қылмыстық істі тергеп, 116 істі сотқа жолдаған.

Қазір оқып жатыр

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды