Qnet қаржылық пирамидасын ұйымдастырушылардан жеті пәтер мен Toyota Camry автокөлігі тәркіленді

Тергеуді ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізді.

ҚМА

Алматы, NEGE. Күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған «QVI tripsaver» саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген.

Қатысушылардың салымдары 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін ауытқып, міндетті шарт ретінде басқа қатысушыларды тарту талап етілген.

Нәтижесінде қаржы пирамидаға 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден астам қаражат салған.

Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот шешімімен 301 миллион теңге құны бар Астана қаласынан 7 пәтер және «Toyota Camry» автокөлігі тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді