«QazVac» вакцинасы «дельта» штамынан қорғайды
Қазақстандық «QazVac» вакцинасы «дельта» штамынан тиімді қорғайды. Мұндай нәтижені ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жүргізген зерттеулер көрсетті, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.