QazVac көрші елдерге жіберіле ме?

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов отандық QazVac вакцинасын көрші елдерге жеткізу туралы сұрақтарға жауап берді.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта ай сайын QazVac вакцинасының 100 мың дозасы шығарылады. Шілде айына да 100 мың вакцина жоспарланған. Ал 30 тамыз бен 1 қыркүйекте вакцинаның айлық көлемі 600 мыңға дейін ұлғаяды. Сондықтан, қазіргі уақытта өндіріс мәселелері толық бақылауымызда», – деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына берген жауабында.

Сонымен бірге, спикер Қазақстанда QazVac бойынша дефицит жоқ екенін, шамамен 30 мың вакцина қалып отырғанын жеткізді. Жекелеген өңірлерде вакцина жетіспеушілігі байқалса, толықтырылады.

«Көрші елдерге жеткізуге келсек, иә, бізден вакцина жеткізуді сұрайтын елдер бар. Бірақ, ең алдымен, өз азаматтарымызды қамтуымыз керек. Әзірге маусым мен шілде, тіпті тамыз айларында басқа елдерге вакцина жеткізу жоспарланып отырған жоқ. Қырғызстан ресми сұрау бар, оны кеше қарастырдық. Вакцина шығару көлемі 600 мыңға жеткен соң, қыркүйекте шамамен миллион QazVac болады, сол кезде осы мәселені көтере аламыз», – деп түсіндірді Ералы Тоғжанов.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды