QazVac ДДҰ ұсынатын медикаменттер тізіміне кіреді

QazVac Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынатын медикаменттер тізіміне кіреді.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-жалпы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

 «Қазақстан өзінің ғылыми әлеуетінің арқасында коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеп, өндіріске шығарған санаулы ғана елдердің бірі екендігін атап өткім келеді. Өткен аптада ғана мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесу өткіздім. Бұл ұйым төтенше жағдайларда пайдалану үшін ұсынылатын медикаменттердің тізіміне QazVac вакцинасын қосу мәселесін қарастырады. Біз вакцина өндірісін арттыруға және оның шетелге экспортын жолға қоюға дайын екендігімізді айтқым келеді», - деді ҚР Президенті.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті