QazVac әзірлеушілері мемлекеттік сыйлық алады

Білім және ғылым министрлігі ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықты  Roseofungin-AS препаратын әзірлеушілер мен Биологиялық қауіпсіздік ҒЗИ қызметкерлеріне, яғни QazVac вакцинасын әзірлеушілерге беру ұсынды.

Алматы, NEGE. Жарлық жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

«Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін», – делінген құжатта.

БҒМ түсіндірме жазбасына сәйкес, 2021 жылға арналған «Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар» бюджеттік бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының сомасы 37 200 000 теңгені құрайды. Екі ұжым 18 600 000 теңгеден сыйақы алады.

«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: озық ғылыми технологиялар және өндіріс» тақырыбындағы жұмысы үшін мемлекеттік сыйлықты беру ұсынылады:

Закария Күнсұлу – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Ресей Федерациясының биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі;

Абдурайымов Ерғали Орынбасарұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, Қырғыз Республикасының ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;

Мархабат Мелісбекұлы Қасенов – Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми – зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор;

Құтымбетов Леспек Бекболатұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;

Орынбаев Мұхит Бармақұлы – Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрлігі ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі;

Сұлтанқұлова Күлейсан Тұрлыбайқызы – Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрлігі ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор;

Хайруллин Берік Мұхитұлы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор.

«Розеофунгин-АС» жаңа отандық бірегей дәрілік препаратын әзірлеу және өндіруді ұйымдастыру» тақырыбындағы жұмысы үшін мемлекеттік сыйлықты беру ұсынылады:

Саданов Аманкелді Құрбанұлы – «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик;

Балғымбаева Асе Сұлтанқызы – «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты;

Березин Владимир Элеазарұлы – «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі вирусология бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор;

Құлмағамбетов – «Микробиология және вирусология Ілияс Райханұлы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі;

Треножникова Людмила Петровна – «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты;

Ұлтанбекова Гүлнар Дәулетбайқызы – «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының биология және биотехнология факультетінің доценті міндетін атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты.

Жарлық жобасы 5 қарашаға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.