7 февраля 2020 г. 10:35

«Qazforum» басталды

Фото:
Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілінде онлайн контент жасаушыларының ІV форумы басталды. Форумның ашылуында АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Х.Мозер сөз сөйледі. 

 

Нұр-Сұлтан, NEGE. Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда қазақтілді контент дамып келеді. "20 жыл бұрын Алматыда жұмыс істегенде қазақ тілін көп естімейтін едім. Қазір жастардың туған тілге деген құрметі жақсы. 18 млн тұрғыны бар Қазақстанда қазақ тілінде хабар тарататын 500-дей қазақ редакциясы бар.

Медиа нарық дамып, әртүрлі тілде хабар тарататын БАҚ жұмыс істейді. Себебі, мұнда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Елдегі журналистік қауымдастықтың дамуына АҚШ елшілігі де өз үлесін қосуда. Қазір Youtube цифрлық тұрғырнамаға айналды. Бүгінде Қазақстан 93 пайызы интернетке қосылған. Ел үкіметінің интернет технологияны дамытуды көңіл бөліп жатқаны қуантады. "Qazforum" қатысушыларына сәттілік тілеймін" деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі. 

Тегтер: