«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы Чемпиондар Лигасының финалын көрсетеді

Тамыздың 23-інен 24-іне қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының финалы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Лиссабондағы (Португалия) «Эштадиу ду Бенфика» стадионында өтетін финалдық бәсекеде Франция чемпионы ПСЖ мен бундеслига үздігі «Бавария» бақ сынайды. Қос команда да жартылай финалда қарсыластарынан 3:0 есебімен басым түскен болатын. Ойынның тікелей трансляциясын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан көруге болады. ПСЖ (Франция) — «Бавария» (Германия) – 24 тамыз, басталуы сағат 00:50-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен). Ойын көрерменсіз өтеді.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты