«Qazaqstan» телеарнасынан «Жақсылық» фильмі көрсетіледі

Бүгін сағат 19:50-де «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, Жақсылық Үшкемпіров туралы «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген фильм Токио Олимпиадасы қарсаңында елде және шет мемлекеттерде де көрсетіледі деп жоспарланған.

Алайда әлемдік коронавирус пандемиясына байланысты кинотеатрлардағы көрсетілімі кейінге шегеріліп келді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ҚР мәдениет және спорт министрлігіне көркем туындыны телекөрерменге ұсыну құқығын бергені үшін алғыс білдіреді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы бұдан бөлек бүгін Жақсылық Үшкемпіровтың қатысуымен түсіріліп, бейнеқорда сақталған «Келбет», «Дара жол», «Сен де бір кірпіш дүниеге...» хабарларын ұсынады.

Қазір оқып жатыр

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді