9 ноября 2022 г. 16:08

Qazaqstan2029: Геосаяси сын-қатерлер қандай болмақ?

Фото:

2022 жылы 16 қараша күні Астанада Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі өзекті мәселелерді талқылауға арналған Стратегиялық бастамалар форумы өтеді.

Астана, NEGE. Дәстүр бойынша сарапшылар мен жұртшылықтың назарын аударатын Форум биыл ерекше мәнге ие болып отыр. Өткен жылы көптеген жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келген Қазақстан үшін ауыр жаһандық трансформация дәуірінде жаңа мүмкіндіктерді табу және тиімді пайдалану үшін тың идеялар қажет.

Форумның сессиялары Қазақстанның болашақ бейнесіне (#Qazaqstan2029), геосаяси сын-қатерлерге, алдағы жеті жылдағы негізгі реформалар мен көші-қон процестеріне арналады. Сондай-ақ әрқайсы мемлекет пен қоғамға өзіндік ескерту бере алатын әрі нақты шешім қабылдайтын әрекетке үндейтін дәстүрлі он «дүбірлі болжам» ұсынылмақ.

Форумға мемлекеттік қызметтегі топ-менеджерлер, ірі бизнесмендер, отандық және шетелдік жетекші ғалымдар қатысады. Ал форумның арнайы қонақтары болып «Черный лебедь» және «Антихрупкость» кітаптарының авторы Нассим Талеб (онлайн) пен «Почему одни страны богатые, а другие бедные» кітабының автор бірлестігі Джеймс Робинсон қатысады.

Стратегиялық бастамалар орталығының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов  форум мемлекет, бизнес және қоғам үшін елдің алдағы жеті жылда қалай өзгеретіні, қандай ішкі және сыртқы тәуекелдерге тап болатыны және осы кезеңде қандай ең маңызды реформалар жүзеге асырылу керектігі жөнінде ортақ көріністі қалыптастыруы тиіс екенін атап өтті.

Тегтер: