25 августа 2022 г. 18:39

QazaqGaz Әзірбайжанның мұнай компаниясымен меморандумға қол қойды

Фото:

QazaqGaz»ҰҚ» АҚ Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік ұлттық компаниясы SOCAR-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірбайжан Республикасына сапары аясында «QazaqGaz»ҰҚ» АҚ Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік ұлттық компаниясы SOCAR-мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды», - делінген бейсенбідегі хабарда.

QazaqGaz басқарма басшысы Санжар Жаркешов пен SOCAR президенті Ровшан Наджаф қол қойған құжат екі елдің газ саласындағы басты бағыттарды айқындайды, жекелей алсақ:

- Қазақстандағы газ кен орындарын барлау және игеру;

-  Газды терең өңдеу мүмкіндіктерін зерттеу, газ химиясын дамыту;

- Газ тасымалдау қуаттарын модернизациялау;

- Газ саласындағы жаңа жоғары технологиялық жобалар.

Қол қойылған құжат бірлескен жұмысты дамытуға және екіжақты инвестиция көлемін арттыруға негіз болады.

SOCAR – Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік компаниясы. Негізгі қызмет түрі Әзірбайжандағы мұнай және газ кен орындарын барлау және игеру, сондай-ақ мұнай мен газды ішкі және сыртқы нарықта сату болып табылады.

Тегтер: