QazaqGaz Aimaq-тың топ-менеджерін ҰҚК тергеп жатыр

Жетісу облысындағы QazaqGaz Aimaq АҚ өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалиға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

freepik.com

Астана, NEGE. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.

Айбек Ерғалидың қандай күдікке ілінгені белгісіз. ҰҚК өкілдері Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, басқа ақпарат жариялаған жоқ.

Бұған дейін желіде Жетісу облысында «QazaqGaz Aimaq» АҚ өңірлік филиалының басшысы Айбек Ерғалиды ҰҚК қызметкерлері ұстағаны жөнінде ақпарат тараған еді. Онда филиал басшысының журналистерге арналған брифинг өткізген күннің ертесінде ұсталғаны айтылған. Брифинг барысында ол Жетісу облысы тұрғындары үшін газ бағасының өсуіне қатысты мәселелерге түсініктеме берген. Бұл тақырып қоғамда резонанс тудырған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр