«Qazaq Oil» балаларға Қазақстанды аралатады
Балаларды қорғау күніне орай «Qazaq Oil» компаниясы «Қазақстанды Qazaq Oil-мен бірге саяхатта» атты байқау жариялайды.
Байқау шарттары төмендегідей:
1. «Қазақстанды Qazaq Oil-мен бірге саяхатта» тақырыбына сурет сал;
2. Суретті Instagram парақшасында жарияла;
3. @azs_qazaq_oil парақшасын белгіле;
4. #TravelQazaqOil хэштегін қой.
Байқауға қатысу ережелері мынадай:
1. Байқауға 16 жасқа дейінгі тұлғалар қатыса алады;
2. «Qazaq Oil» компаниясының қызметкерлері мен компанияға қатысы бар тұлғалардың байқауға қатысуға құқығы жоқ;
3. Бір қатысушы байқау комиссиясына бір ғана сурет жібере алады.
4. Өз жарияланымына барынша көп лүпіл жинаған қатысушылар жеңімпаз деп атанады.
Байқау кезеңі 2021 жылғы 24 мамырдан 7 маусымға дейін өтеді.
Қатысушыларға мына нәрсені ескеру қажет: Қатысушылардың жарияланымдары @azs_qazaq_oil парақшасында өзекті stories-те бекітіледі. Байқауға қатысу кезінде қатысушылардың профильдері ашық болуы керек. Байқау нәтижелері 7 маусым күні сағат 12:00-де «Qazaq Oil» парақшасында Данияр Елеусінов пен «Кайрат» ФК футболшыларының қатысуымен тікелей эфирде көрсетіледі.
Байқау жүлдегерлері Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің қолтаңбасы бар бокс қолғаптарын, «Кайрат» ФК ойыншыларының қолтаңбасы бар футбол доптарын, сондай-ақ, «Qazaq Oil» компаниясының керемет сыйлықтары: термостар, рюкзактар және кепкаларын иеленеді.