Qazaq Air әуе компаниясы тексеріліп жатыр

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясының жоспарлы инспекциясын бастады, – деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Әуе компанияның ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылығы және медициналық саладағы, сондай-ақ лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі тексерілетін болады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекция жүргізеді», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 12 ақпанда Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды. Осыған байланысты ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тексеріс жүргізетінін хабарлаған-ды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды