7 февраля 2020 г. 12:03

Qazforum: «Әлеуметтік желіде де халықтың үні бар»

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан қазақ тілінде онлайн контент жасаушылары ІV форумының алғашқы отырысы "Қазақ қоғамына қандай медиа қажет?" атты тақырыпта өрбіді. 

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Бұл тақырыпта саясаттанушы Самат Нұртаза: «Біздің қоғам газет оқымайды, көбі ақпараттарды әлеуметтік желіден оқиды. Дәстүрлі БАҚ құралдарына тереңдік керек, сонда ғана бәсеке болады, себебі газет әр 10-15 минут сайын шықпайды. Сол себептен шапшаңдықты талап ететін интернет сайттары алдыға шықты.

Алайда, «әлеуметтік желідегі ақпарат қажет емес» дегенге келісе алмаймын. Онда да халықтың үні бар. Бірақ оның шынайылығын тексеру керек. Соңғы жылдары зияны да аз емес. Мысалы, әлемде сағатына бір адам әлеуметтік желінің кесірінен өзіне қол салады екен. Әлеуметтік желіде көбі дұрыс ақпарат айтайын деп емес, көп лайк жинайын деп жазады. Әйгілі Стивен Кинг «Әлеуметтік желіде өз-өзімді алдағым келмейді, шынайы өмірге бет бұрғым келеді» деп Facebook парақшасын жауып тастаған», – деді саясаттанушы.

Тегтер: