Qarmet металлургиялық зауытында екі жұмысшы қаза тапты

Теміртауда Qarmet металлургиялық комбинатында екі жұмысшы қаза тапты.

Qarmet

Алматы, NEGE. «Сағат 9:20 шамасында химиялық блок ғимаратының шатырын бөлшектеу жұмыстарын орындау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан «Қазмеханомонтаж»ЖШС мердігерлік ұйымының екі жұмысшысы биіктен құлады», – деп хабарлады «Qarmet» АҚ баспасөз қызметі.