«Qarmet» АҚ кәсіпорындарынан жанар-жағармай ұрлаған топ ұсталды

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Qarmet» АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау фактісін анық ады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Топ мүшелері өздерінің бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырғаны анықталды.

Жәбірленуші тараптың мәліметтері бойынша олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.

– Бұдан басқа, «Qarmet» АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды