Путинцева жеңіс жолын жалғастыра ала ма?

Қазақстандық Юлия Путинцева Әбу-Даби WTA 500 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Алматы, NEGE. Әлемнің 28-інші, осы жарыстың 13-ракеткасы Ю.Путинцева екінші айналымда рейтингте 65-орында тұрған чехиялық Барбора Крейчиковамен күш сынасты.

Бірінші партия барысында қазақстандық теннисшінің әлденеше рет брейк жасайтындай мүмкіндігі болды. Ақыры ол есеп 4:4 болған мезетте брейк жасап, сосын өз геймін де ала білді – 6:4.

Екінші сетте алдымен чехиялық спортшы 4:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Ю.Путинцева таразы басын теңестіріп қана қоймай, матчты жеңіспен аяқтай алды – 7:5.

Тартысты өткен бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Ю.Путинцева жүлде қоры 565 530 АҚШ долларына бағаланған турнирдің ширек финалына шығу үшін өткен жылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, әлемнің 4-інші, осы доданың 1-ракеткасы, америкалық Софья Кенинмен күш сынасады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?