Путинцева жартылай финалға шықты

Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Ыстанбұл WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Алматы,  NEGE. Ю.Путинцева ширек финалда дүниежүзілік рейтингте өзінен он саты жоғары тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен күш сынасты.

Бірінші партияны бір брейкті артық жасаған аустралиялық теннисші өз есебіне жазды – 7:5.

Есесіне екінші сетті Ю.Путинцева брейкпен бастап, сол қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:2.

Қазақстандық теннисші үшінші, шешуші партияда да брейкпен алға кетті – 2:0. Ақыры осы басымдылығынан айырылмай, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Аса тартысты өткен бәсеке 2 сағат 45 минутқа созылды.

Ю.Путинцева жүлде қоры 251,7 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалына шығу үшін әлемнің 47-ракеткасы, испаниялық Сара Соррибес-Тормо немесе рейтингте 122-сатыдағы ресейлік Анастасия Потапованың біреуімен таласады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды