Путинцева WTA рейтингінде жоғары көтерілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Будапештте (Венгрия) өткен Hungarian Grand Prix турниріндегі жеңісінен кейін WTA рейтингінде көтерілді.

Ол рейтингте жеті сатыға жоғары көтеріліп, қазір 35-ші орында тұр. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 20-шы орынын сақтап қалды. Зарина Дияс үш позицияға көтеріліп, Топ-100-ге кірді және қазір 99-шы орында