Путинцева Ыстамбұлдағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Ыстамбұлда WTA 250 сериясындағы турнирдің бірінші айналымында жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы, NEGE. Оның қарсыласы польшалық Магда Линетт болды. Путинцева 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч екі сағат, 9 минутқа созылды.  Путинцеваның ендігі қарсыласы швециялық Ребекка Петерсон болады.