Путинцева финалға шыға алмады

Қазақстандық, әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева Ыстанбұл WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады.

Алматы, NEGE. Ю. Путинцева жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 122-орында тұрған ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші үш брейк жасап, басымдық танытты – 6:2.

Есесіне, екінші сетте 21 жастағы А. Потапова есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда ресейлік теннисші есепті 5:1-ге жеткізіп, матчқа доп бергенде, Путинцева брейк жасай алды. Бірақ, одан әріге шамасы жетпеді – 2:6.

Тартысты бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

А. Потапова жүлде қоры 251,7 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың бас жүлдесі үшін әлемнің 24-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстя немесе рейтингте 29-сатыдағы ресейлік Вероника Кудерметованың біреуімен таласады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды