Путиннің ұйқысы НЕГЕ шала?

Ресей президенті Владимир Путиннің ұйқысы бұзылып жүр. Жатысы жайсыз ба, жүріс-тұрысы ыңғайсыз ба, ол жағы мәлім емес, бірақ, Путин соңғы 2-3 жылдың көлемінде көп жерде өзінің ұйықтай алмай жүргенін жиі айтатын болды.

Алматы, NEGE. 26 желтоқсанға қараған түні Ресей билігінің беткеұстарлары мен спорт және бизнес әлемінің майталмандары Қызыл алаңда дәстүрлі Түнгі хоккей лигасының кезекті кездесуін өткізді. Путинмен бір командада Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу, хоккейден ресейлік әлем жұлдыздары Павел Буре, Валерий Каменский, Сергей Федоров, Алексей Касатоновтар ойнаса, оларға қарсылас командада Тула облысының губернаторы Алексей Дюмин, бизнес элитаның өкілдері Геннадий Тимченко, Владимир Потанин, Роман Ротенберг, музыкант Игорь Бутман, губернатор Андрей Воробьевтер бар.

«Россия 24» телеарнасы жарыс арасындағы үзілісте, киім ауыстыратын бөлмеде Путин мен Тимченконың әңгімелесіп отырған сәтін көрсетті. Онда Тимченко президентке қаратып «Дегенмен де, жаттығуға да көңіл бөліп тұру керек» деген сөзіне, «Ұйқым шала, 4-5 сағат қана ұйықтадым. Аздау болды» деп жауап берді Путин.

Ғаламторда Путиннің 2016 жылы Белорусь президенті Лукашенкомен кездескенде «Ұйқым шала боп жүр, кеше 4 сағат, бүгін 5-ақ сағат ұйықтадым» деп (https://www.youtube.com/watch?v=CcbI5RHMPmY) шағымданып отырған видеосы, көктемде Ресей журналистерімен кездесуінде соңғы кезде 5,5-6 сағат қана ұйықтап жүргенін айтқан бейнежазбалары бар.

Көрші елдің көсемі НЕГЕ ұйқыдан жүдеп жүр?..

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы