Путиннің мәлімдемесінен кейін Ресейден шетелге ұшу құны шарықтады  

Владимир Путиннің жартылай мобилизация туралы мәлімдемесінен кейін ресейліктер шетелдерге жаппай билет ала бастаған.

Алматы, NEGE. Қазір Мәскеуден Алматыға тура ұшатын рейске билет қалмаған, ал Красноярск арқылы ұшатын рейске билет 500 мың теңгеден басталады. Сонымен қатар өзге елдерге ұшу билетінің құны да шарықтап кеткен, деп хабарлайды The Village басылымы. Мәскеуден Дубайға ұшатын рейске де билет таусылып қалған. Ал 22 қыркүйекке арналған билет құны 42 мың рубль немесе 334 мың теңгеден басталады. 

«Мәскеуден Тбилисиге тура рейстерге билеттің жоқ екені белгілі. Әдетте мұнда ұшу құны 15-20 мың рубльден басталады. Путиннің мәлімдемесінен кейін баға 3-5 есеге өскен. Мәселен, Мәскеуден Астана арқылы Тбилисиге ұшу 56 мың рубльден басталса, Ереван арқылы ұшу құны 100 мың рубльден жоғары», – делінген хабарламада. 

Мәскеуден Ереванға ұшатын рейсте билет тек бизнес-класта қалған. Ал құны 77 мың рубльден басталады. Басылым мәліметінше, әдетте, Ереванға тура рейстің бағасы 7-15 рубльден аспайды. Күнбе-күн сатып алса, 30 мың рубль болады.

Ыстамбұлға арналған рейстер бар, алайда билет құны 70 мың рубльден басталады екен. Ал Антальяға ұшатын рейстерде билет 75 және 121 мың рубльден басталады. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті