Путиннің қызы екпе салдырды

Ресей президенті Владимир Путиннің қызы коронавирусқа қарсы екпе салғызды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE.  Ресей президенті Владимир Путин қызының коронавирусқа қарсы екпе салғызғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтқан.

"Менің қыздарымның біреуі өзіне осындай екпе салғызды. Яғни ол экспериментке қатысты. Бірінші екпеден кейін дене қызуы 38 градус болды, келесі күні 37-ден асты. Бар болғаны осы", - деді Путин. 

Сондай-ақ Ресейде коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина тіркелгені хабарланды.

"Қытайлық әріптестерімізде тіркелу кезеңінде тұрған әзірлеме бар. Тағы бірнеше ел бар, бірақ ол жақта клиникалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Ал жалпылай айтқанда, тіркеу куәлігін толық форматта алғаш болып Ресей алды", - РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко. 

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Астанада «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы сатыла ма?

Қазгидромет 11–13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Винус Уильямс Зарина Диасқа қолдау білдірді