8 января 2020 г. 17:44

Путиннің ендігі жоспары өзгере ме?

Фото:
Ресейлік ақпарат құралдары өткен аптада қаза болған Иран генералы Қасым Сулейманиды «

Ресей президенті В.Путиннің 2015 жылы Сириядағы қақтығысқа араласуына түрткі жасады»  деп жазды. Сондықтан генералдың өлімі Ресейдің Сирия, Иран, Түркияға қатысты ұстанымына өзгеріс алып келуі мүмкін екенін алға тартады. 

Алматы, NEGE. Саяси сарапшы, журналист Леонид Бершидскийдің айтуынша, Путиннің Сирия қақтығысына араласуына көндірген бірден-бір адам Қасым Сулеймани. «Кремль мұны құптамаса да, Сулейманидің өлімі Путиннің алдағы уақыттағы шешімдеріне өзгеріс енгізуі әбден мүмкін. Генералдың өлімі туралы пікір білдірген Ресей Қорғаныс министрлігі Сирияда «Ислам мемлекеті» (Ресейде тыйым салынған террористік ұйым) ұйымына тойтарыс берудегі ерлігіне баға берді. Министрліктің мәлімдемесінде: «Генерал Сулеймани Сирия мен Иракта террористік топтарға әскери күш арқылы лап беріп, АҚШ сияқты жеке коалиция құрды. Шын мәнінде, Ливандағы Хезболла сияқты басқа да әскери топтар болмағанда Ресей сириялық қақтығысқа араласпайтын еді» деп жазды Леонид Бершидский.

Сулейманидың басқаруындағы Хезболла мен ирандық күштер Ресейдің Сирияға жібергісі келмеген құрлық әскерін ішінара қамтамасыз етіп, сондай-ақ, Америка мен Сирия демократиялық күштері қолдаған әрі көп шығынға батқан Башар әл-Асадтың әскерін қолпаштауға әзір болды. Путин Асадтың түбегейлі жалғыз қалмағанын білгені маңызды еді.

Сарапшылардың пікірінше, Ресей қашан да Иранның Сириядағы рөлін шектеуге мүдделік танытып келеді. Себебі, Кремль Иран мен Хезболланы үнемі қадағалауда ұстай алмайды. Бір жағынан Путиннің сириялық дағдарыс бойынша толыққанды жауапкершілікті мойнына алуға да құлқы жоқ. Керісінше, Ресей экономикалық және әскери мүддесін АҚШ-тан жоғары қоюға ұмтылады.

Ресейдің Ливандағы елшісі Александр Засыпкин 2019 жылы наурызда берген сұхбатында: «Иранның сириялық режимге араласуын шектеудің керегі жоқ. Дамаск, Тегеран және Хезболла арасында ара-жігі ажырамайтын байланыс бар. Бұл қарым-қатынас болашақта да осылай қала бермек» деген еді.

Соған қарамастан, ресейлік дипломаттар, тіпті, Путиннің өзі Иранды одақтас мемлекет ретінде танымауға тырысады. Олар үшін Иран тек геосаяси құрылымның орталығы ретінде ғана бағаланды. Яғни, оның орнын қандай да бір америкалық күштің басқанын қаламайтынын анық аңғартты. Десе де, Путин Иранның жауы Израиль, Туркиямен байланысты үзбейтінін де жасырған емес.

Тіпті, генерал Сулейманидің де өлімі ештеңе өзгерткен жоқ. Әзірге тек көңіл айтумен шектелген Путин Сулейманидің мұрагері Исмаил Каанмен де қарым-қатынасты үзбейтінін жеткізді. Сондай-ақ, ол Сулейманидің өліміне байланысты Иранның кек алу операцияларын да қолдамайтынын әзірден құлаққағыс етті.  

Путин қаңтар айында Израильге жұмыс сапарымен баруды жоспарлаған. Ол бұл сапарында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен Сириядағы қақтығысты болдырмауға байланысты бірқатар түйткілді сарапқа салу керек болған.  Бұған дейін Путин Франция президенті Макронмен телефон арқылы сөйлессе, жақында Германия канцлері Ангела Меркельді Ресейге жұмыс сапарымен келуге шақырып, Иран ахуалын бірлесіп талқылауды ұсынған еді.

Әзірге Путин аймақтағы Ираннан кейінгі мықты ойыншы Түркиямен әріптестік орнатудан бас тарта тұруды құптайды. 8 қаңтар күні Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуге Анкараға келуі тиіс. Екі тарап жаңа газ құбырын іске қосу жөнінде әңгімелеспек. Қалай болғанда да, Ердоған Путин үшін үміт күттірген «Б жоспары» ретінде қала бермек. 

Тегтер: