Путинді Кремльден қуып шықпақ
Александр Габышев ерте көктемде Сібірден Мәскеуге дейін ақ атпен барып, Владимир Путин атты «ібілісті» Кремльден қуып жібермек. Ол осындай мәлімдеме жасап,
YouTube арқылы жұрттың назарын өзіне аударып отыр.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Александр Габышев – Якутск қаласында тұратын «шаман-жауынгер». Сегіз мың шақырым қашықтықты көлікпен емес, атпен жүріп өтпек. Оның діттеп отырған жері – Кремль. Ресей президентін ғайыптың күшімен тақтан тайдыруды көздеп отыр. «Мен елде демократиялық өзгерістер жасап, тыныштық орнатамын. Путин – нағыз ібіліс. Табиғат оны жақсы көрмейді. Путин қайда барса, сол жерге апат әкеледі. Сондықтан ол қызметінен бейбіт түрде кетуі тиіс. Қажет болса, күш қолданамын», – дейді шаман.
Шаманды Ресейде көп адам қолдап отырған көрінеді. Жол жөнекей оған ақша мен ас-ауқат ұсынған адамдардың қарасы аз болмаған. Бейнежазбасы миллион рет қаралған.
Мұның алдында оны Бурятия мен Үркіт облысы шекарасында ұстап, жындыханаға жатқызған. Онымен қоймай, үстінен «эктремизм» үшін қылмыстық іс қозғалған.