Путин Сирияға НЕГЕ барды?

Ресей президенті Владимир Путиннің Сирияға сапарын «Россия 1» телеарнасы көрсетті. Ресейдегі №1 борттың Шам әуежайына қалай қонғанын, Путиннің жанында кімдер болғанын, Сирия басшысы Башар Асадпен кездесуі қалай өткенін тілші егжей-тегжейлі баяндайды.

Алматы, NEGE. 7 қаңтарда болған сапарда Ресей президентінің ұшағын әуе жолы бойы Су-35С жойғыш ұшақтары қорғаштап жүрді.  Путинмен бірге бортта қорғаныс министрі Сергеу Шойгу болған.

Ұшақтан түскен соң мәртебелі қонақтар көліктер кортежімен Шамның тар көшелерімен жүріп өтіп, Ресейдің әскери базасына келді. Осының бәрі «Россия 1» телеарнасынан бастан аяқ көрсетілгеніне қарағанда, ондағы мақсат Сирияда тұрақтылық орнай бастағанын, көшелерде бұрынғыдан атыс болмайтынын жария ету болса керек.

Путиннің бұл келісіне бәрінен бұрын Башар Асадтың қуанғаны көрініп тұр. Ол арсалаңдай келіп, құтқарушысын құшақтай алды.

Путин Сириядан соң Түркияға ұшып кетті. Онда Ережеп Ердоғанмен кездесіп, газ құбырының ашылуына қатысты, келіссөздер жүргізді.

Қазір оқып жатыр

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады